Пәнді оқып-үйрену міндеттері




“Компьютерлік желілер” пәнін оқып-үйренудің негізгі мәселелері: - желі құрудың негізгі қағидаттары және желілерді жобалау кезінде қойылатын талаптар; - желі құру кезінде қолданылатын негізгі сыңарлар (құрамдар); - жергілікті желілердің базалық технологиялары; - сымсыз, корпоративтік және ауқымды желілер; - тіректік желілер құрудың жоғарыжылдамдықты технологиялары; - Интернет желісіне қатынас құруға арналған қазіргі замандық технологиялар, т.б. “Компьютерлік желілер” пәнін оқып-үйренудің нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:
-желі құрудың негізгі проблемаларын және қазіргі заманғы компьютерлік желілерге қойылатын талаптарды:
-ашық жүйелер әрекеттестігінің үлгісін (OSI);
-стандарттарды, байланыс арналарының түрлерін және сипаттамаларын;
-деректер тасымалдау әдістерін және коммутациялау әдістерін;
-жергілікті желілердің Ethernet, Token Ring, FDDI, Fast Ethernet, 100 VG AnyLAN, Gigabit Ethernet, WLAN сияқты негізгі технологияларын;
-желі құруға қажетті (желілік бейімдеуіштер, қайталауыштар, шоғырлауыштар, көпірлер, коммутаторлар, модемдер, бағдарғылауыштар, т.б. сияқты) негізгі сыңарлардың жұмыс істеу қағидаттарын;
-жоғарыжылдамдықты желілер құрудың негізгі қағидаттарын;
-сымсыз технологияларды;
-Интернет желісіне қатынас құру әдістерін;
-желіде әкімшілік ету, талдау жүргізу мен басқарудың жалпы қағидаттарын, т.б